Қазақстанда доллар 4 теңгеге арзандады
Қазақстандағы сауда-саттықта доллар арзандады.
6 қарашада Қазақстан қор биржасында (KASE) қандай бағам белгіленгенін хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
KASE-дегі күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 4,02 теңгеге төмендеп, 447,14 теңгені құрады.
Ұлттық банктің 6 қарашадағы ресми бағамы 451,87 теңгені құрайды.
Алматыдағы айырбастау пунктеріндегі доллардың орташа бағамы сатып алу бойынша 447,55 теңге, сату – 449,44 теңге.
Астанадағы айырбастау пунктеріндегі доллардың орташа бағамы сатып алу бойынша орташа 446,00 теңге, сату – 453,00 теңге.