Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қар жауып, көктайғақ болады: Қазақстанда алдағы үш күнде күн суытады

Қар жауып, көктайғақ болады: Қазақстанда алдағы үш күнде күн суытады
Сурет: ogorod.ru
Алдағы үш күнде Қазақстан аумағында күн құбылады.

Кей өңірлерде жаңбыр жауса, енді бір аймақта қар жауады. Сондай-ақ көктайғақ пен тұман күтіледі, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, 11 және 12 қарашада Қазақстанның тек батыс өңірлерінде негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Басқа аймақтарда жаңбыр мен қар жауып, кей жерлерде жауын-шашын қатты болуы мүмкін.

Түнде және таңертеңгі уақытта еліміздің барлық аумағында тұман түсіп, жолдарда көктайғақ құбылысы болуы ықтимал.

Алдағы үш күнде күндізгі ауа температурасы аймақтар бойынша айтарлықтай өзгереді:

батыста - +3-тен +12 градусқа дейін;

солтүстік-батыста - 0-ден +8 градусқа дейін;

солтүстікте, шығыста және орталықта - -3-тен +5 градусқа дейін;

оңтүстікте және оңтүстік-шығыста - +2-ден +10 градусқа дейін.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар