Тоқаев Азия ойындарына қатысқан спортшыларды мемлекеттік наградамен марапаттады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияда өткен XX жазғы Азия ойындарындағы және V Азия параойындарындағы жетістігі үшін спортшыларды марапаттады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
«Парасат» орденімен Берульцева Софья Полихроновна марапатталды. Ол каратэден алтын медаль иегері атанған.
«Құрмет» орденімен Луценко Алексей Александрович – шосседегі велоспорттан жекелей жарыстың және топтық жарыстың екі алтын медаль иегері, Проходов Кирилл Дмитриевич – семсерлесуден командалық жарыстың алтын медаль иегері, Сертай Ерлік Асқарұлы – семсерлесуден командалық жарыстың алтын медаль иегері, Чернухин Иван Сергеевич – академиялық есуден жұптық жарыстың алтын медаль иегері, Яковлев Владислав Павлович – академиялық есуден жұптық жарыстың алтын медаль иегері марапатталды.
Президент «Ерен еңбегі үшін» медалімен Жапонияда өткен Азия ойындарында спорттық жүрістен бірінші болып мәреге жетіп, кейін спорттық аяқ киіміне байланысты алтын медальдан айырылған Ясмина Тоқсанбаеваны марапаттады. Одан бөлек Биғабыл Жоламан Қуанышбекұлы – каратэден алтын медаль иегері, Бүркіталин Еркінғали Аманғалиұлы – аралас жауынгерлік жекпе-жектің алтын медаль иегері, Ермұханбет Наиль Мадьярұлы – паравелоспорттан ерлер арасындағы жекелей уақытқа жарыстың және тас жолдағы жарыстың екі алтын медаль иегері, Калаус Анастасия Андреевна – паравелоспорттан әйелдер арасындағы жекелей уақытқа жарыстың және тас жолдағы жарыстың екі алтын медаль иегері, Кенжебек Диас Ерболатұлы – паражүзуден алтын медаль иегері, Құлмырза Бексұлтан Нұрланұлы – парадзюдодан алтын медаль иегері, Нұрмаханұлы Ибрагим – парадзюдодан алтын медаль иегері, Сейілбекова Ақтолқын Елтайқызы – парадзюдодан алтын медаль иегері, Сұлтанова Рината Станиславовна – шосседегі велоспорттан әйелдер арасындағы 24 км жекелей жарыстың алтын медаль иегері, Тілеулес Тамирлан Мұхтарұлы – таеквондодан алтын медаль иегері, Шарлаимов Вадим Вадимович – семсерлесуден командалық жарыстың алтын медаль иегері, Шынбаев Қадырбек Айбекұлы – аралас жауынгерлік жекпе-жектің алтын медаль иегерін марапаттады.