Мәдениет

Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі мен Олжас Абайдың экс-әйелі бірге көзге түсті

Танымал актриса Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі Дархан Мұсаев пен актер Олжас Абайдың бұрынғы әйелі Аймира Аманның сахнада бірге тұрған видеосы тарады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл видеоға қатысты көпшілік күтпеген кездесуге таңғалып, түрлі болжам айта бастады. Дархан Мұсаев қолындағы гүл шоғын ұсынған.

Желі қолданушылары неше түрлі пікірлер жазуда. Бірі оларды жақсы жұп болуға теңесе, енді біреулер үнді фильмдеріндегідей оқиға екенін айтуда.

“Енді осы екеуі үйленіп кетсе, қызық болады”, “Күтпеген жұп болайын деп тұр ма?”, “Әңгімелері жарасатын сияқты ғой”, “Жарасымды жұп шығатын сияқты” деп жазды желі қолданушылары.

Дархан Мұсаев пен Аймира Аман желіде тараған болжамдарға қатысты әзірге пікір білдірмеген.