Қоғам
Мәскеуден Алматыға ұшып бара жатқан SCAT ұшағы Астанаға апатты жағдайда қонды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 17:34
- 1
SCAT ұшағы Астанаға апатты жағдайда қонды.
Мәскеуден Алматыға бағыт алған SCAT ұшағы Астанаға апатты жағдайда қонды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ұшақ жолаушысы Threads желісінде жазды. Оның сөзінше, барлық жолаушылар қорқып қалған.
«Бүгін SCAT әуе компаниясының Мәскеу-Алматы рейсі Астанаға апатты жағдайда қонды. Бұл штаттан тыс жағдай екенін және бәріміздің зәреміз ұшқанын түсінемін. Бірақ әуе компания жолаушыларға неліктен ең болмағанда су ұсынған жоқ? Біз шу шығармасақ, қорқып, сасқалақтап қалған жолаушыларды аяқтарынан тік тұрғызып қойдыңыздар. Су да, тамақ та, тіпті ешқандай ақпарат та берілген жоқ», – деп жазды желі қолданушысы.


