Басты жаңалықтар

"Қар жауып, жол тайғақ болады: "«ҚазАвтоЖол» жүргізушілерге үндеу жасады

Қазақстанның 12 өңірінде қар аралас жаңбыр және қар жауады. Қолайсыз ауа райына байланысты «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы ескертіп, жүргізушілерге үндеу жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарында жауын-шашын болады.

Республикалық маңызы бар автожолдардың жекелеген учаскелерінде көріну қашықтығы нашарлап, жолдың беті тайғақ болуы мүмкін.

Осыған байланысты жүргізушілерге көліктер арасындағы қашықтықты сақтап, жол жағдайына қарай жылдамдықты төмендету және күрт маневр жасамау ұсынылады.

Республикалық маңызы бар автожолдардың жай-күйі туралы тәулік бойы 1403 нөмірі арқылы білуге болады.