Нұрай Серікбайдың өлімі: марқұмның ағасы 11 қарашаны қарындасын еске алу күні деп бекітетінін мәлімдеді
2026 жылдың қаңтар айында кісі қолынан қаза тапқан Нұрай Серікбайдың бүгін 11 қараша туған күні. Көзі тірі болса бойжеткен 22 жасқа толар еді. Марқұмның ағасы Сұлтан Серікбай қарындасын еске алды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Сұлтан Серікбай 11 қарашаны «Нұрайды еске алу күні» деп бекіткелі жатқанын мәлімдеді.
«Ертең (11 қараша, видео 10 қараша жазылған – ред.) отбасымыз үшін маңызды күндердің бірі. Нұрайдың туған күні...Осыдан 22 жыл бұрын, 2004 жылдың 11-қарашасында үйімізге жылу болып Нұрай келді. Өкінішке қарай, биыл отбасымыз сол жылудан айырылып қалды. Осыған байланысты, 11 қарашаны «Нұрайды еске алу күні» деп бекіткелі жатырмыз», - деп мәлімдеді Сұлтан Серікбай.
Оның айтуынша, бұл күннің басты мақсаты болған істен сабақ алу.
«Бұл күн не үшін керек?» десеңіздер, мақсатымыз - бұндай оқиғаға қайталанбаса екен, ешбір отбасының басына бұндай трагедия бермесе екен деген ниет. Өйткені біздің ісіміз сабақ алатын іс, құқық қорғау қызметкерлері болсын, қылмыскерлер болсын, қыздардың ағалары болсын, осындай істен сабақ алып, бұндай жағдайды қайталатпаса екен дейміз», - деді сөзін түйіндеген Сұлтан Серікбай.