Қоғам

Алматыда жауған жаңбырдан асфальт ойылып, автобус түсіп кетті

Алматыда толассыз жауған жаңбырдың салдарынан асфальт ойылып, оған автобус түсіп кетті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Оқиға орнында түсірілген фото желіде пайда болды. Куәгер Threads желісінде суреттермен бөлісті. Бұған қатысты "Алматыэлектротранс" түсінік берді.

"Алматыэлектротранс" ЖШС бұл жағдай болған сәтте автопарк басшылығы ақауды жою үшін жедел түрде техникалық қызметшілерді көмекке жібергенін хабарлады.

"Сонымен қатар басқарма жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіз әрі кедергісіз қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында асфальт жабыны ойылған учаскені қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу мәселесі бойынша уәкілетті органдарға тиісті сауал жіберді.

Қазіргі уақытта автобустар қалыпты режимде, бекітілген қозғалыс сызбасына сәйкес қозғалысты жүзеге асырып жатыр", - деп мәлімдеді "Алматыэлектротранс" өкілдері.