Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Аида Қауменованың әкесі өмірден озды

Аида Қауменованың әкесі өмірден озды
Сурет: instagram.com/aidakaumenova_official
Танымал қазақстандық дизайнер әрі кәсіпкер Аида Кауменованың әкесі өмірден өтті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы дизайнердің өзі желідегі парақшасында жеткізді.

"Әкем Мұрат Кауменов өмірден өтті. Ол маған әрдайым сенетін әрі: "Қызым, өзім әкесіз өстім, сондықтан мен әрқашан сендердің қастарыңда болып, қорған боламын", - дейтін еді", - деп жазды Аида Кауменова желідегі парақшасында.

Желі қолданушылары дизайнердің қайғысына ортақтасып, көңіл айтты.

"Аида, қайғырып көңіл айтамын", "Әкеңіздің иманы саламат болсын", "Аида, бекем бол, жаным", "Қайғыңызға ортақпын, ол артында өнегелі ұрпақ қалдырды", - деп жазды желі оқырмандары.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар