Қоғам

ҚТЖ басшысы Елжас Отыншиев ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің мамандары ҚТЖ басшысы Елжас Отыншиевті ұстады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ресми деректерге сүйенсек, 2026 жылғы 11 қарашада ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі "ҚТЖ" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Елжас Отыншиевті және сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен басқа да тұлғаларды ұстады.

"Істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Қылмыстық процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы туралы өзге ақпарат жария етуге жатпайды", - делінген Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

ҰҚК Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау және "Заң мен Тәртіп" қағидатын сақтау аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстары жалғасып жатқанын атап өтті.