Kyzdar.net сайтына қатысты күдікті Грузиядан Қазақстанға экстрадицияланды
Грузиядан Қазақстанға трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты және жеңгетайлық жасады деп күдікке ілінген Өзбекстан азаматы экстрадицияланды.
Тергеу нұсқасы бойынша, ол "Қыздар.нет" сайтында сексуалдық қызмет ұсыну туралы анкеталарды ілгерілетуге көмектескен, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Бас прокуратураға сілтеме жасап.
"Тергеу барысында аталған азамат ұйымдасқан қылмыстық топтың басқа да мүшелерімен бірге жезөкшелікпен және өзге де сексуалдық сипаттағы қызметтермен айналысатын тұлғалардан олардың "Қыздар.нет" интернет-ресурсында орналастырылған анкеталарының шотын толтыруға өтінімдер қабылдап отырғаны анықталды. Бұл олар көрсететін сексуалдық қызметтерді ілгерілету және жарнамалау мақсатында жасалған", - делінген хабарламада.
Алынған қаражат осы анкеталарды ілгерілету мен жарнамалауға жұмсалған. Топ мүшелері комиссия ұстап қалып, қалған соманы сайт ұйымдастырушыларына аударып отырған. Тергеу нұсқасы бойынша, жеңгетайлық схемасы осылайша жұмыс істеген.
Бас прокуратураның мәліметінше, ұйымдасқан топтың кейбір мүшелері түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды. Басқалары, соның ішінде экстрадицияланған әйел, қылмыстық қудалаудан бой тасалаған. Оларға халықаралық іздеу жарияланған.
2026 жылдың шілдесінде күдікті Грузияда ұсталды. Кейінірек Бас прокуратураның сұрауымен ол Қазақстанға экстрадицияланды.
Қазір әйел тергеу изоляторында отыр.
Әйелге тағылған айыптар бойынша мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.