Қоғам
Ақтөбеде көқабатты үйдің астындағы кафеде жарылыс болды: жараланғандар бар
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 13:33
- 23
Ақтөбе қаласында көпқабатты үйдің астында орналасқан кафеде жарылыс болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Оқыс жағдайдың видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.
Алдын ала мәлімет бойынша оқиға Алтын Орда ауданындағы Тәуелсіздік көшесінде болған. Жарылыс бесқабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан дәмханада болғаны айтылды.
«Оқиға орнына облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары жедел жетті. Сағат 10:53-те өрт толық сөндірілді. Оқиға салдарынан екі адам зардап шекті. Олар жедел жәрдем бригадасымен ауруханаға жеткізілді. Қаза тапқандар жоқ», – делінген ТЖМ хабарламасында.
Жарылыстан кейін болған өртті сөндіруге ТЖД-ның 45 қызметкері мен 10 техникасы жұмылдырылды. Оқиға орнында департамент басшысы жүр. Қазір оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр.



