Қоғам

Ақтөбедегі дәмханадағы жарылыстан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан кафедегі жарылыстан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, 2026 жылғы 13 қарашада сағат 10:28-де жедел медициналық жәрдем қызметіне қоғамдық тамақтану нысанында болған оқиғаға байланысты шақырту түсті.

Бір минут ішінде оқиға орнына жедел медициналық жәрдемнің екі бригадасы жетті.

Екі адам зардап шекті, олар № 1 қалалық көпсалалы ауруханаға жеткізілді.

Зардап шеккендердің жағдайы тұрақты, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Оларға қажетті медициналық көмектің бәрі көрсетіліп жатыр.