Қоғам

Қазақстанда 729 адам әлеуметтік төлемнен өз еркімен бас тартқан

Қазақстанда әлеуметтік төлемнен бас тарту сервисі арқылы 729 адам жәрдемақыдан бас тартты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

2027 жылдан бастап мемлекеттік қолдау көрсету тәртібі өзгереді. Кейбір әлеуметтік төлемдер мұқтаждық қағидаты бойынша, яғни отбасының әлеуметтік жағдайын бағалау негізінде тағайындалады. Ал “ерікті түрде әлеуемттік төлемнен бас тарту” сервисі арқылы 729 адам бас тартты.

"729 адам алатын әлеуметтік төлемдерінен ерікті түрде бас тарту туралы шешім қабылдады. Бұл қадам әлеуметтік жауапкершілік пен қоғамдағы ынтымақтастық қағидаттарын көрсетеді. Яғни өзін және отбасын өз бетінше қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар азаматтар мемлекеттік қолдаудан саналы түрде бас тартады", – деп хабарлады Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі.

Министрлік егер әлеуметтік төлемге мұқтаж болып қалған жағдайда тиісті мемлекеттік қолдауды қайта тағайындау туралы өтініш беруге құқылы екенін және ол заң аясында қаралатынын айтты.