Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Ұтысты алдын ала сезген»: алматылық зейнеткер бір мезетте 20 миллион теңгеге байып шыға келді

«Ұтысты алдын ала сезген»: алматылық зейнеткер бір мезетте 20 миллион теңгеге байып шыға келді
"Сәтті Жұлдыз" лотереясының баспасөз қызметі
Алматы қаласының тұрғыны Ұлан TeleBingo лотереясынан 20 миллион теңге ұтып алды. Жеңімпаз бас жүлдеге берілген пәтерден бас тартып, оның ақшалай баламасын таңдаған, деп хабарлайды Kyn.kz.

Алматылық тұрғынның айтуынша, ол ірі ұтысқа ие болатынын алдын ала іштей сезген. Алайда жолы болып, қомақты қаржы ұтып алғанына қарамастан, қуанышты жаңалығын әзірге жақындарына да айтпаған.

Жеңімпазға пәтер мен оның ақшалай баламасының бірін таңдау мүмкіндігі берілген. Ұлан ойлана келе 20 миллион теңгені алуды жөн көрген. Өйткені бұл қаражат оның маңызды қаржылық мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.

Ұлан ұтыстан түскен ақшаны ипотекалық несиесі мен басқа да қарыздарын өтеуге жұмсауды жоспарлап отыр. Осылайша, лотереядағы жеңіс оған қаржылық міндеттемелерін жеңілдетуге мүмкіндік бермек.

Жеңімпаздың оқиғасымен TeleBingo лотереясының ұйымдастырушысы «Сәтті Жұлдыз» АҚ бөлісті.

Компания өкілдері Ұланмен арнайы сұхбат жүргізген. Онда жеңімпаз ұтыс туралы естіген кездегі алғашқы әсерін, жүлдені алдын ала сезгенін және алдағы жоспарларын баяндаған.

Ал оның жақындары 20 миллион теңгелік ұтыс туралы жаңалықты қалай қабылдайтыны әзірге белгісіз.

Лотерея сүйер қауымды алда тағы бір керемет ұтыс күтіп тұр. Яғни, LOTO 6/49 лотереясына қатысу арқылы Көлік иесі атануға болады. Ол үшін 3 000 теңгеге билет алу қажет. Жеңімпаз 15 қарашада анықталады. Сонымен қатар, қазіргі таңда тиражды лотереяның бұл түрінде бас жүлде 160 млн теңгеге жетіп қалды. 

 

 

 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар