"Қар, көктайғақ, тұман": алдағы күндері еліміздің үш қаласында ауа райы құбылмалы болады
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 10:51
- 33
Астанада түнгі уақытта жолдар көктайғақ танып, тұман түседі. Алматыда бүгін қар жауса, Шымкентте аптаның ортасында жаңбыр күтіледі, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Синоптиктердің 16-18 қарашаға арналған болжамына сәйкес, елордада жауын-шашын болмайды. Алайда 16 қарашаға қараған түні жолдарда көктайғақ болып, түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде -2-4 градус, күндіз 0+2 градус болады.
17 қарашада да түнде және таңертең тұман сақталады. Ауа температурасы түнде -4-6 градусқа дейін төмендеп, күндіз 0+2 градус шамасында болады. Ал 18 қарашада күндіз ауа температурасы +2+4 градусқа дейін көтеріледі.
Алматыда 16 қарашаға қараған түні қар жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде -3-5 градус, күндіз +3+5 градус болады.
17 қарашада жауын-шашын күтілмейді, түнде тұман түседі. Температура түнде -3-5 градус, күндіз +5+7 градусқа дейін жетеді. 18 қарашада да жауын-шашын болмайды. Күндіз ауа температурасы +8+10 градусқа дейін көтеріледі.
Шымкентте алдағы екі күнде жауын-шашын болмайды. 16 қарашада ауа температурасы түнде +1+3 градус, күндіз +14+16 градус болады. 17 қарашада да күндіз ауа температурасы +14+16 градус шамасында сақталады.
Ал 18 қарашада таңертең және күндіз жаңбыр жауады. Желдің жылдамдығы 8-13 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Ауа температурасы түнде +6+8 градус, күндіз +12+14 градус болады.



