Тоқаев ҰҚК төрағасын қызметінен босатты
Мемлекет басшысының жарлығымен Ермек Сағымбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы лауазымынан босатылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.
Ермек Сағымбаев 1994-2006 жылдары ұлттық қауіпсіздік органдарында офицер лауазымдарында қызмет етті.
2006 жылдан 2019 жылға дейін Президент күзет қызметінде офицер және басшылық лауазымдар атқарды.
2019-2021 жылдары Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Президент Күзет қызметінің бастығы болды.
2021 жылдан 2022 жылға дейін Мемлекеттік күзет қызметі бастығының міндетін атқарушы, бастығы қызметін атқарды.
Ол 2022 жылғы қаңтарда ҰҚК басшысы болып тағайындалды. Сол жылы қарашада осы лауазымға қайта тағайындалды.