Қоғам

ҚазҰУ-дың тағы бір студенті қаза тапты

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде студент қкөз жұмды. Ол география және табиғатты пайдалану факультетінде бірінші курсында оқып жүрген, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Университеттің баспасөз қызметі марқұмның ата-анасы мен жақындарына көңіл айтады.

"Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұжымы география және табиғатты пайдалану факультетінің бірінші курс студентінің мезгілсіз қазасына байланысты ата-анасы мен туған-туыстарына қайғыра көңіл айтады. Қазір құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Университет жағдайдың жан-жақты әрі әділ қаралуына барынша қолдау көрсетеді", – делінген оқу орнының хабарламасында.

Университет басшылығы мен ұжымы көпшілікті ресми расталмаған ақпаратты таратпауға шақырды.

Алматы қалалық полиция департаменті студенттің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалып, күдікті ұсталғанын хабарлады.

"Аталған дерек бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. ", – деп мәлімдеді полиция департаменті.

Әзірге студенттің қандай жағдайда қаза тапқаны белгісіз. Оқиғаның мән-жайы тергеу барысында анықталады.