Қоғам
Өскеменде әкесі қызын туған күнінде ернінен сүйген: полиция бұл әрекетте заңсыздық таппаған
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 15:34
- 41
Өскеменде жасөспірім қызын туған күнімен құттықтап, ернінен сүйіп алған ер адамның әрекеті қоғамда резонанс тудырған болатын. Бұл оқиғаға полиция араласып, тексеру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Құрылтайдағы үкімет сағатында ІІІ өкілі Асхат Дүйсембеков бұл істің мән-жайына қатысты сұраққа жауап берді.
«Дерек тіркелді. Жан-жақты әрі мұқият тексеру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта қылмыс немесе әкімшілік құқық бұзушылық құрамы болмағандықтан, аталған деректі номенклатуралық іске есептен шығару туралы шешім қабылданды», - деді ІІМ Әкімшілік полиция комитеті Ювеналды полиция басқармасының бастығы Асхат Маратұлы Дүйсембеков.
Еске салайық, желіде қызын құттықтаған әкенің әрекеті көпшіліктің назарын аударған болатын. Ол қызын тортпен құттықтап, ернінен сүйген.



