Қоғам

Алматыда Кенсай мен Сұлусай шағынаудандары арасындағы жол алғаш рет жарықтандырылды

Алматының Медеу ауданында Кенсай мен Сұлусай шағынаудандарын байланыстыратын 2 шақырым жолға алғаш рет көше шамдары орнатылды, деп хабарлайды Kyn.kz.

Бұған дейін жарықтандырылмаған жол бойына 58 жаңа шам орнатылған. Бұл туралы Медеу ауданының әкімдігі мәлімдеді.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер үшін жолдың көріну деңгейі жақсарып, кешкі және түнгі уақытта қатынау қауіпсіздігі артты.

Аудан әкімдігінің мәліметінше, бұл жұмыстар Медеу ауданындағы көшелерді жарықтандыру жүйесін кезең-кезеңімен жаңғырту аясында жүргізілген.

Қазіргі уақытта ауданның басқа да жол учаскелерін жарықтандыру жұмыстары жалғасып жатыр.