Қазақстанда екпе салынбаған баланың балабақша мен мектепке баруына тыйым салынуы мүмкін
Қазақстанда екпе алмаған балалардың сабаққа қатыстырылмауы ммүкін бе? Бұл сұраққа Денсаулық сақтау вице-министрі Манас Рамазанов жауап берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Құрылтайда өткен Үкімет сағатынан кейін өткізілген брифинг барысында журналист Манас Рамазановқа екпе алмаған балаларға қатысты сұрақ қойды.
Вице-министр сыныпта қанша балаға екпе салынбады соған байланысты екенін айтты. Яғни, екпе салынбағаны үшін балабақша мен мектепке келуіне бірден тыйым салынбауы мүмкін.
"Егер балабақша тобындағы немесе сыныптағы балалардың басым бөлігі екпе алған болса, бір баланың екпе алмауы ұжымдық иммунитетке айтарлықтай әсер етпейді. Бірақ әр жағдайды жеке қарастыру керек. Ал топтағы немесе сыныптағы балалардың көбі екпе алмаған болса, әрине, олардың келуіне тыйым салынады", – деді Манас Рамазанов.