Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Астанада оқушы қыз қатарластарына пышақпен тап берген

Астанада оқушы қыз қатарластарына пышақпен тап берген
Пресс-служба правительства Казахстана
Қыздың заңды өкілдері баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылған

Астанада мектеп оқушысы екі сыныптасына пышақпен шабуыл жасаған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Елордадағы "Жайлы мектептердің" бірінде оқушы қыз қатарластарына пышақпен шабуыл жасаған. Оқиға туралы әлеуметтік желіде тарады. Екі оқушы зардап шеккен, олардың жасы 16-да.

Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасы Sputnik Қазақстанға екі оқушының амбулаторлық ем қабылдайтынын хабарлады. Ал полиция қылмыстық іс қозғады.

"Зардап шеккен екі оқушыға медициналық көмек көрсетілді. Олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Оқиғаға қатысы бар кәмелетке толмаған қыз профилактикалық есепке қойылып, психикалық денсаулық орталығының мамандарына тапсырылды", - дейді Астана қаласының полиция департаменті.

Қыздың заңды өкілдері баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылған.

"Оқиғаның орын алуына ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныстар білім басқармасы мен Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға жолданды. Сондай-ақ тергеу аясында білім беру мекемесінің қауіпсіздігіне жауапты күзет ұйымының әрекеттеріне құқықтық баға беріледі", - дейді полиция.

Тергеу жүріп жатыр.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар