Димаш Құдайберген мексикалық жанкүйерлеріне ерекше алғыс айтты
Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Мексикадағы жанкүйерлеріне алғысын білдірді. Гвадалахара қаласында тыңдарманы ерекше ықыласпен қарсы алған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Гвадалахараға қаласының әуежайында оны жанкүйерлері зор қуанышпен қарсы алған. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында испан тілінде алғыс білдірді.
“Мексика, бүгін сендер жүрегімді тебіренттіңдер! Гвадалахараға келген сәтімді ешқашан ұмытпаймын. Қуанышқа толы жүздерді көріп, дауыстарыңызды естіп, осыншалықты махаббатты сезіну мені қатты толқытты”, – деп жазды өнер иесі.
Димаш жанкүйерлерінің ықыласын сөзбен жеткізу қиын екенін айтып, музыка адамдарды ұлты мен тіліне қарамастан жақындастыратынын атап өтті.
“Сендердің шексіз ықыластарыңа алғысымды білдіруге сөз жетпейді. Музыка шекара мен тіл таңдамайды. Өйткені жүректер тоғысқанда сөздің де қажеті жоқ. Мен сендердің әсем елдеріңе келдім, ал сендер маған өз үйімде жүргендей сезім сыйладыңдар”, – деді әнші.
Өнер иесі жазбасының соңында Гвадалахара тұрғындарына деген ерекше құрметін білдірді.
Айта кетейік, Димаш Құдайберген Мексикадағы концерттік сапарын жалғастырып жатыр.