"Менің үш қолым бар, сенің де үш қолың бар": Петропавлда отбасы бейнеленген баннер көпшіліктің әзіліне айналды
Петропавлда отбасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы бағытталған баннердегі әйел мен ер адамның үш қолы бар болып шыққан. Плакаттағы әке мен ананың қолы нешеу екенін байқаған тұрғындар әкімдікке сұрақ қойған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Желі қолданушысы плакаттың суретін шығарып, әзілмен сынады.
"Менің үш қолым бар, сенің де үш қолың бар. Сонда банан қалай пайда болды? Бұл ерекше баннер Ульянов көшесіндегі 59 және 61-үйлердің арасында орналасқан. Меніңше, құжат жүзінде дизайнер бар шығар. Бірақ нағыз дизайнер мұндай қатені байқамай қалмас еді”, – деп жазды ол.
Бұған қатысты Петропавл қаласының әкімдігі пікір білдірді. Айтуынша, баннер тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына қолдау көрсететін орталықтың жанында орналасқан.
“Орталық биыл қыркүйек айында ашылған. Мұнда өмірлік қиын жағдайға тап болған әйелдерге психологиялық көмек көрсетіліп, қолдау беріледі. Бұл қате емес, автордың көркемдік шешімі. Дизайнер осылайша отбасының қорғанышы мен бірнеше міндетті қатар атқара алатынын көрсеткісі келген. Алайда автордың бұл ойы әртүрлі қабылданғандықтан, баннерді алып тастап, орнына жаңасын ілу туралы шешім қабылданды", – деп хабарлады әкімдік өкілдері.