Алматыда +15 градусқа дейін жылы, Астанада күн салқындайды
Елімізде алдағы үш күнде Алматы мен Астанада ауа райы құбылмалы болады. Синоптиктер болжам жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Оңтүстік мегаполисте ауа температурасы көтеріліп, 20 қарашаға қарай +15 градусқа жетеді. Астанада күндізгі температура біртіндеп нөлге дейін төмендейді.
Алматыда үш күн бойы жауын-шашынсыз болады деп күтіледі. 18 қараша түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін, температура +1…+3 градус болады. Күндіз ауа +8…+10 градусқа дейін жылынады. 19 қарашада түнде +1…+3 градус, күндіз +11…+13 градус болады деп болжанады.
20 қараша күн жылы болады. Түнде +5…+7 градус, ал күндіз термометр бағандары +13…+15 градусқа дейін көтеріледі деп болжайды.
Астанада да жауын-шашын күтілмейді. Бірақ соңына қарай күн салқындай түседі.
18 қараша түнде температура -4…-6 градус, күндіз +3…+5 градус болады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады: түнде 3–8, таңертең және күндіз секундына 9–14 метр.
19 қарашада түнде -4…-6 градус күтіледі, ал күндіз температура нөл градус шамасында болады. Жел оңтүстік-шығыстан түнде секундына 5–10 метр, күндіз 2–7 метр жылдамдықпен соғады.
20 қараша түнде күн -5…-7 градусқа дейін суытады. Күндіз 0…+2 градусқа дейін жылынады. Жел оңтүстік-шығыстан және шығыстан секундына 5–10 метр жылдамдықпен соғады.