Басты жаңалықтар

"110 мың теңге": Құрылтай ең төменгі жалақы мөлшерін өсіру заңын қабылдады

Құрылтай ең төменгі жалақыны 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге жеткізетін заңды қабылдады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Айта кетейік, бүгін Құрылтай депутаттары 2027-2029 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасын екінші және үшінші оқылымда қарап, оны қабылдады.

Бұл құжат Қазақстандағы ең төменгі жалақыны 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге жеткізеді. Бұл тапсырманы биыл Жолдауда президенгт Қасым-Жомарт Тоқаев берген болатын.

Ал бүгінгі республикалық бюджет туралы заң аясында депутаттар қосымша 114,1 млрд теңгені былай бөлді:

  • ең төменгі жалақыны 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге жеткізу үшін 75,9 млрд теңге;
  • дәрігерлердің жалақысын көбейтуге 20 млрд теңге;
  • орта мектепке ЖИ енгізу үшін 0,6 млрд теңге;
  • басқа шығындарға 17,6 млрд теңге бөлінді.