Қоғам

Ақтөбеде танымал жанармай құю бекетінің иесін өлтірді деген күдікті ұсталды

Ақтөбеде 49 жастағы кәсіпкердің өліміне қатысты күдікті екі күннен кейін ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, кешенді жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері кәсіпкерді өлтірді деген күдіктіні анықтап, ұстаған. Ол Ақтөбе қаласының тұрғыны болып шықты.

Қылмысты ашу үшін қалаға ІІМ орталық аппаратының тәжірибелі жедел қызметкерлері жіберілген.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Тергеу барысы ІІМ бақылауында.

Айта кетсек, екі күн бұрын таңертең Ақтөбеде өз үйінде қаладағы танымал жанармай құю бекеттері желісінің 49 жастағы директорын атып өлтіріп кеткені белгілі болды.