Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ақтөбеде жанармай құю желісінің басшысын өлтірген күдікті өз көршісі болып шықты

Ақтөбеде жанармай құю желісінің басшысын өлтірген күдікті өз көршісі болып шықты
Сурет: видеодан скриншот
Ақтөбеде екі күн бұрын жергілікті кәсіпкерді өлтірген адам ұсталды. Жау алыстан келмеген. Күдікті марқұмның көршісі болып шықты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі КТК жаңалықтарына сілтеме жасап.

Қылмыскердің қайда қашып кеткенін анықтауға ішкі істер министрлігінің орталық аппаратынан білікті мамандар шақыртылыпты. Тәртіп сақшыларын сабылтқан күдікті осы уақытқа дейін өз үйінде тығылып жатқан көрінеді. Ол екі күн бұрын қаладағы жанармай құю желісінің басшысы Айболат Жисовты үйіне барып атып кеткен-ді.

Әлеуметтік желіде күдіктінің қылмыстан кейін кәсіпкердің көлігіне мініп алып ізін суытқаны туралы ақпарат тарады. Кейін автокөлікті тас жолдың бойына тастап кеткен деген болжам айтылды. Алайда бұл мәліметті ресми түрде ешкім растаған да, жоққа да шығарған жоқ. Қазір бизнесменді өлтірді деп ұсталған көршісі тергеліп жатыр.

«Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері кәсіпкерді өлтірді деген күдіктіні анықтап, ұстады. Ол — Қазақстан Республикасының азаматы, Ақтөбе қаласының тұрғыны. Қылмысты ашу мақсатында Ақтөбеге ІІМ орталық аппаратының тәжірибелі жедел қызметкерлері жіберілді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деді Ақтөбе облысы ПД бастығының орынбасары, Әсет Қалиев.
 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар