АҚШ елшісі Нұрлан имамның үйінде қонақ болып, шашу шашты
АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Жули Стафф қызы Амелиямен бірге танымал имам Нұрлан Байжігітұлының шаңырағында қонақ болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы видео АҚШ елшілігінің әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды.
“Қош келдіңіздер! Менің шаңырағымның ең алғашқы қонақтары – сіздерсіздер. Қазақта “төбеміз көкке жетті” деген сөз бар ғой. Қазір тура сондай сезімде отырмыз. Қазақта “төр көрсету” деген дәстүр бар. Ең құтты орын – төр. Мен имам болғандықтан, барлық жерде төрде өзім отырамын. Ал бүгін қарындасымыз – бастық”, – деп әзілдеді Нұрлан имам.