Қоғам

Бұрынғы әкім Кәрім Көкірекбаевты мерзімінен бұрын босату туралы шешім қабылданды

ҚР ТЖМ "Қазселденқорғау" ММ-нің бұрынғы басшысы және Жамбыл облысының экс-әкімі Кәрім Көкірекбаевты мерзімінен бұрын босатылатын болды.

Ол өткен жылы 12 жылға бас бостандығынан айырылған болатын, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. Алматы облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Қадағалаушы органның баспасөз қызметінің мәліметінше, Алатау қалалық сотының 2026 жылғы 17 қарашадағы қаулысымен ҚР Қылмыстық кодексінің 75-бабына сәйкес ауыр науқастануына байланысты сотталған Кәрім Көкірекбаевты жазасын одан әрі өтеуден босату туралы №57 мекеме әкімшілігінің ұсынысы қанағаттандырылған.

"Аталған сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Қазіргі уақытта прокуратура органдары аталған сот актісінің күшін жою туралы жеке өтінішхат келтірді", - деп мәлімдеді ведомство.

Еске салсақ, 2025 жылғы шілдеде ҚР ТЖМ "Қазселденқорғау" ММ-нің бұрынғы басшысы Кәрім Көкірекбаев пара алғаны үшін 12 жылға сотталған болатын. Іс бойынша үш адам жауапқа тартылды.