«Ән үйірмесіне барамын»: Бесағаш тұрғындары мәдениет үйінің ашылуын асыға күтуде
Жамбыл облысындағы Бесағаш ауылында мәдениет үйі ашылады. Ауыл тұрғындары жаңа мәдениет үйі салынып жатқанына қуанышты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұған дейін ауылдағы мәдени іс-шаралар мектепте өткізіліп келген. Енді жаңа ғимаратта түрлі үйірмелер ашылып, балалар мен жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік жасалмақ.
Мәдениет үйі жастарға және үлкендерге тәрбиелік мәні зор болмақ. Болашақта бір бөлмесін музейге айналдыру жоспарда бар екен.
Ауыл жұртының рухани иммунитеті өте жоғары. Мәдениет үйі ашылса, ауылдың бірлігі артпақ.