Қоғам
Астана тұрғындары жүргізуші куәлігінің теориясын онлайн тапсыра алатын болады
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 16:16
- 1
Астаналықтар енді жүргізуші куәлігінің теориясын онлайн тапсыра алады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» орталығының мәліметіне сүйенсек, астаналықтар енді Халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармай-ақ, ноутбук арқылы үйде тест тапсыра алады.
«Азаматтар теорияны тапсыру үшін eGov Mobile мобильді қосымшасындағы «ХҚКО қызметтері» - «Онлайн тест тапсыру» бөлімінен өтуі керек. Жобаның бірінші сатысы әзірге ілкі жоба ретінде Астанада басталған. Яғни, Астанада тіркеуде тұрған азаматтардың бәрі теориялық бөлімді онлайн тапсыра алады», - деп хабарлайды орталық.



