Тоқаев Игорь Лепеханы ішкі істер министрінің орынбасары қызметінен босатты
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 14:19
- 1
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Мемлекет басшысының өкімімен Игорь Владимирович Лепеха Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды", - деп жазылған хабарламада.
Оның арнаулы атағы - полиция генерал-лейтенанты.
1984 жылы Қарағанды политехникалық институтын, 1993 жылы Ресей Федерациясы ІІМ академиясын бітірген.
1986-1997 жылдар аралығында Қарағанды қаласының Ішкі істер басқармасында қызмет етті.
1997-2009 жылдары Қарағанды облыстық Ішкі істер департаментінде басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.
2009-2019 жылдары ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары, төрағасы болды.
2019-2020 жылдары - ҚР ІІМ штаб-департаменті бастығы.
2020-2022 жылдары - ҚР ІІМ аппарат басшысы.
2022 жылғы қазаннан бастап бүгінге дейін ішкі істер министрінің орынбасары қызметін атқарды.
І (2022) және ІІ (2017) дәрежелі "Даңқ" ордендерімен, "Ерлігі үшін" (2012), "Жауынгерлік ерлігі үшін" (2006) медальдарымен марапатталған.
Ұқсас жаңалықтар
Жемқорларға ешқандай аяушылық немесе рақымшылық болмайды - Тоқаев
- авторТомирис Тоныкөк
- 19 қараша, 2026



