Елімізде келесі жылы Beeline Kcell, Tele2 мен Altel қымбаттайды
Қазақстанда Beeline кейбір тарифтерді 10%-ға, Kcell 10–12%-ға, ал Tele2 мен Altel 2027 жылы 10–15%-ға қымбаттатуы мүмкін, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Үкімет отырысынан кейін өткен брифингте байланыс операторларының өкілдері тарифтердің қымбаттауына қатысты жоспарларымен бөлісті.
Beeline компаниясының бас атқарушы директоры Джаббор Каюмовтың айтуынша, оператор биыл кейбір тарифтердің бағасын 10%-ға көтеруді жоспарлап отыр.
Kcell компаниясының атқарушы директоры Асқар Жамбакин тарифтерді 10–12% аралығында қайта қарауы мүмкін екенін айтты.
Ал Mobile Telecom-Service компаниясының басқарма төрағасы Александр Бабичев Tele2 мен Altel брендтеріндегі кейбір тарифтердің құны 2027 жылы 10–15%-ға көтерілуі мүмкін екенін атап өтті.
Компания өкілдері тарифтердің қымбаттауын телекоммуникация инфрақұрылымына жұмсалатын инвестиция көлемімен байланыстырады.
Компания өкілдері тариф құнының өсуі инфрақұрылымды жаңартуға және желінің сапасын жақсартуға бағытталатынын мәлімдеді.