Қоғам

Алматыда толассыз жаңбыр күтіледі: әкімдік тұрғындарға ескерту жасады

Алматыны толассыз жауын-шашын күтіп тұр. Әкімдік өкілдері мегаполис тұрғындарына қалада кешке басталып, түн ортасына дейін созылатын жауын-шашын туралы ескертті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Қала әкімдігінің мәліметінше, бүгін Алматыда түстен кейін жаңбыр жауады.

Қазгидромет болжамыншa, жауын-шашын сағат 15:00-ден кейін басталып, түнгі сағат 2:00-ге дейін жалғасады. Барлығы 5 мм-ге дейін жауын жауады деп күтіледі, күндіз желдің екпіні 13 м/с-қа жетуі мүмкін.

"Жергілікті жерді су басу қаупінің алдын алу және жою үшін 85 жедел бригаданың кезезшілігі ұйымдастырылды. Жұмысқа 1 579 жол жұмысшысы, 415 техника, 97 мотопомпа және 5 мыңға жуық құм салған қап дайын.

"Су жиналуы мүмкін орындарды ассенизаторлық машиналармен және су сору жабдықтары бар бригадалармен қамтамасыз ету қарастырылған. Коммуналдық қызметтердің тәуліктік шығуы 3 250 жол жұмысшысы мен 1 225 арнайы техниканы құрайды. Көше-жол желісінің тазартылуын бақылау бойынша тәулік бойы кезезшілік ұйымдастырылды", - деп хабарлады қала әкімдігінен.

Синоптиктердің болжамынша, ертең күндіз жауын-шашын күтілмейді, алайда 26 қарашада күннің екінші жартысында жаңбыр қайта басталуы мүмкін.

Алматы тұрғындары мен қонақтарына сапар жоспарлау кезінде ауа райы жағдайын ескеру, жолдар мен тротуарларда абай болу, су жиналуы мүмкін учаскелерден аулақ болу ұсынылады.

Сонымен қатар жүргізушілерге жаңбыр кезінде жылдамдықты азайтып, қауіпсіз қашықтықты сақтау сұралды.