Қоғам

Жетісу облысында 38 жылқы тиелген жүкі көлігі өртенді (ВИДЕО)

Алматы – Өскемен тасжолында 38 жылқы тиелген жүк көлігі қозғалыс кезінде өртенді.

От көлікті тез шарпығанымен, жануарлар қауіпті жерден дереу шығарылды. Оқиға видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

24 қарашада таңертең Алматы – Өскемен тасжолының 175-шақырымында полицейлер қозғалыс кезінде өртенген Volvo жүк көлігін байқаған.

Полицейлер тоқтап, жүргізушіге өртті сөндіруге көмектесті. Жүк көлігінің ішінде 38 жылқы болған.

"Полиция қызметкерлері өрт сөндірушілердің келуін күтпестен малды құтқаруға кіріскен. Олар өртті сөндіру шараларын қатар жүргізді. Полицейлердің жедел әрі батыл әрекеттерінің арқасында барлық жылқы қауіпсіз жерге шығарылды. Жүргізуші жылқыларды Күршімнен Шымкентке тасымалдап бара жатқаны анықталды", - делінген Polisia.kz хабарламасында.

Ешкім зардап шеккен жоқ. Барлық 38 бас жылқы құтқарылды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.