Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Видеоны өшірсең, жұмысқа аламын»: Жаңаөзенде мұғалім мен директордың дауы сотқа жетті

«Видеоны өшірсең, жұмысқа аламын»: Жаңаөзенде мұғалім мен директордың дауы сотқа жетті
видеодан скрин
Жаңаөзенде мектеп директоры мен бұрынғы бастауыш сынып мұғалімінің арасындағы дау сотқа жетті. Ұстаз мектеп басшылығынан қысым көргенін айтса, директор тағылған айыптарды жоққа шығарды, деп хабарлайды KYN.KZ.

Жаңаөзендегі №15 мектепте еңбек еткен Зағипа Ерсайынқызы басшылықтың қысымынан кейін жұмыстан кетуге мәжбүр болғанын айтады.

Арада бір жыл өткен соң педагог бұрынғы директорын мектепке жаңадан жұмысқа қабылданған әйелмен бірге көлік ішінде көріп, видеоға түсіріп алған. Аталған бейнежазба әлеуметтік желіге жарияланғаннан кейін дау ушыққан.

Мұғалімнің айтуынша, директор отбасындағы жағдайды алға тартып, бейнежазбаны өшіруді сұраған. Есесіне оны бұрынғы жұмысына қайта қабылдауға уәде берген көрінеді.

«Сен әлеуметтік желіде видеоның жалған екенін айт. Менің қазір отбасым күйреп тұр, менің өмірім сенің қолыңда тұр», – деген соң, солай келістік», – дейді Зағипа Ерсайынқызы.

Алайда педагогтің сөзінше, директор уәдесінде тұрмай, оның үстінен бопсалау дерегі бойынша шағым түсірген.

Ал мектеп директоры Байбол Есбосинов өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарып, мұғалімнің өз еркімен жұмыстан кеткенін мәлімдеді.

Қалалық білім бөлімі Зағипа Ерсайынқызына басқа білім беру мекемелерінен жұмыс ұсынған. Алайда педагог бұрынғы қызметіне қайта оралуды талап етіп отыр.

Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің басшысы Өсербай Табыншаевтың айтуынша, №15 мектепте қазір бос орын жоқ. Ал бейнежазбадағы әйел оқиғадан кейін жұмыстан кеткен.

Мектеп директоры қазіргі уақытта еңбек демалысында. Оның әрекеті Әдеп жөніндегі кеңесте қаралмақ.

Жаңаөзен соты істі әкімшілік өндірістен қылмыстық іс жүргізу тәртібіне ауыстыру туралы шешім шығарды. Енді тараптар арасындағы даудың мән-жайы қылмыстық заңнама аясында қаралады.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар