Тоқаев Путиннің шақыруымен Мәскеуге барады
25-26 қараша күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеу қаласына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айбек Смадияров ресми мәлімдеді.
«Сапар аясында мемлекеттер басшылары кездесу өткізіп, Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық серіктестігі мен одақтастығын одан әрі нығайту перспективасын талқылайды», - деп жазған Смадияров.
Оның дерегінше, президент жасанды интеллект тақырыбына арналған AI Journey 2026 халықаралық конференциясына қатысады.