Қоғам

Боқаев сотта: ешқандай тендер өткізілген жоқ, компанияларды өзім ұсындым

Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында Санжар Боқаевтаналаяқтық және ақша қаражатын заңдастыру эпизодтары бойыншажауап алынды. Блогер айыптау тарапының бірқатар негізгі уәждерінрастады.

Атап айтқанда, «BM Trust» ЖШС-ін іс жүзінде өзібасқарғанын, компанияның мөрін өз кабинетінде сақтағанын жәнеқаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру жөнінде тапсырмаларбергенін мойындады. Сот отырысының соңында оның адвокаттарыағаштарды кесу эпизоды бойынша келтірілген залалды өтеугеарналған шот ұсынуды сұрады.

Сонымен бірге Боқаев «ҚазТрансГаз» АҚ бас директорының кеңесшісіәрі халықаралық автошерудің үйлестірушісі қызметін атқарған кездекәсіподаққа «BM Trust» және «We Can» компанияларын байқау рәсімінөткізбей-ақ тартуды өзі ұсынғанын растады. Сондай-ақ, 2017 жылданбастап «BM Trust» компаниясына тапсырыстар алуға көмектескенінайтты.

Жиені Мадияр Қалменовтің атына рәсімделген компаниядағы өз рөлінБоқаев ашық сипаттады: «Мен өзімді іс жүзінде осы компанияның иесіретінде сезіндім».

Боқаев компанияның мөрін өзінде сақтағанын, ал Қалменовтен істіңегжей-тегжейін әдейі жасырғанын мойындады. Оның айтуынша, «Әрине, Мадияр шотты көрген жоқ. Ол компанияны іс жүзіндебасқарған жоқ». Сонымен қатар ол сметаға түзетулер енгізугеқатысқанын және 5 млн теңгені қоса алғанда, қаражатты қолма-қолшешіп алу жөнінде өзі тапсырма бергенін растады. Мердігерлерарасындағы міндеттер мен үнемделген қаражатты бөлу мәселелерінауызша шешіп отырған да өзі.

Боқаев халықаралық автошеруге жұмсалған шығындардың нақтыесебін келтіре алмады және бұл мәселеге қатысты Қалменовтің соттаберген жауабына қайшы мәлімет айтты. Жиені Қытайдағы делегация мүшелерінің тұру шығындарын Қытай тарапы төлегенін айтса, Боқаевбұл мақсатқа Қалменовтің өзі шамамен 4 млн теңге жұмсағанынмәлімдеді.

Деректі фильм туралы сөз болғанда, айыпталушы оның қандайформатта түсірілгенін де, ұзақтығын да есіне түсіре алмады. Ал бұғандейін куәгер Сұлтанов сотта аталған фильмнің іс жүзіндетүсірілмегенін, оны түсіруге келісімшарт бойынша бөлінген қаражаттыңқолма-қол шешіліп, тікелей Боқаевқа берілгенін айтқан болатын.

Боқаевтың адвокаттары ағаштарды кесу эпизоды бойынша «МедеуПарк» өкілдерімен медиациялық келісім жасасу мәселесін көтеругетырысты. Жәбірленуші тарап бұдан бас тартқаннан кейін, адвокаттаркелесі күні сағат 9:00-ге дейін залалды өтеуге арналған төлем шотынұсынуды сұрады.

Мұндай қадам іс жүзінде келтірілген залалды өтеуге дайындықтыбілдіреді. Бұған дейін де Боқаевтың қорғаушылары «ҚазТрансГаз» кәсіподағына келтірілген 42 млн теңге көлеміндегі залалды өтеумәселесі бойынша медиация жөнінде келіссөз жүргізуге уақыт сұрағанболатын.