Қоғам

«Мойындау керек, Боқаев ақпаратты ұсынудың шебері» – мемлекеттік айыптаушының жарыссөздегі мәлімдемесі

Алматыда Санжар Боқаев пен басқа да фигуранттарға қатысты сот процесініңқорытынды кезеңінде мемлекеттік айыптаушыЖәнібек Мамытов жарыссөзде сөз сөйледі.

 Олайыптау тарапының ұстанымын баяндап, айыпталушының әрекеттерін «екіжүзділік пен қоғамдық сананы манипуляциялау» деп сипаттады.

Прокурордың айтуынша, сот тергеуіаяқталды, енді сот анықталған фактілергеқұқықтық баға беруі тиіс. «Барлық құпия ерте ме, кеш пе ашылады. Бұл залда ешкімді дабыралысөздері үшін немесе жазылушылар санынақарап соттап жатқан жоқ. Мұнда нақтықылмыстар туралы сөз болып отыр», – дедіМамытов.

Прокурор айыптаудың бірінші бөлігіндегінегізгі себепті жеке басын байытуға ұмтылу депатады. Мемлекеттік айыптаушы Боқаевтың 2015 жылдың өзінде-ақ «ҚазТрансГаз» АҚ бас директоры Қайрат Шәріпбаевтың кеңесшісіқызметіне тағайындалғанына ерекше назараударды. Сонымен қатар, ол іс жүзінде өзбетінше әрекет етіп, шешімдерін«ҚазТрансГаздың» жаңа басшысыСүлейменовпен келіспеген. Мұны соңғысы сот отырысы барысында тікелей растады. Боқаевтың іс-қимылындағы еркіндігі айтарлықтайкең болған және ол компанияның жаңабасшылығымен өз әрекеттерін келісуді қажет депсанамаған.

«ҚазТрансГаз» АҚ бас директорыныңкеңесшісі қызметін атқарған Боқаевкомпанияның кәсіподақ арқылы түрлі іс-шараларды қаржыландыру тетігін зерттеп, осы мақсатта өз бақылауындағы «BM Trust» ЖШС-інпайдаланған. Алғашында компания Ж. Маратовтың атына тіркеліп, кейін айыпталушыҚалменовтің атына қайта рәсімделген.Нәтижесінде 2018 жылы халықаралықавтошеруді ұйымдастыруға бөлінген 42 млн теңгеден астам қаражат жымқырылған. Айыптаутарапының нұсқасы бойынша, бұл ақшаБоқаевтың «Art Romance» жиһаз бизнесіндамытуға жұмсалған.

Прокурор «ар-ұжданмен өмір сүруге» шақырған Боқаевтың өзінің жеке парақшасындажариялаған жиһаз брендіне қатыстыжарнамасын ерекше екіжүзділік деп бағалады. Оның айтуынша, кәсіподақ қаражаты жауапсызмердігерлерге емес, жұмысшыларға тиесілі.

Қорғау тарапының қатынастардыңазаматтық-құқықтық сипатта болғаны жәнеқаражат кәсіподақтың меншігі болмағаны туралыуәждерін прокурор жәбірленушілер мен куәгерлердің айғақтары жоққа шығаратынынайтты. Сонымен қатар ол компания басшылығытарапынан қаражаттың жұмсалуына тиістібақылау болмағанын атап өтті.

Мамытовтың айтуынша, айыптаудың екіншібөлігі басқа мақсаттан туындайды: Боқаевтыңөзін «ақиқат үшін күресетін тұлға» ретіндекөрсетуге ұмтылуы. Айыптау нұсқасы бойынша, Боқаев шынайы оқиғаларды іздеудің орнына, қиын жолдың орнына оңайын тауып, режиссер болып, оларды өзі ұйымдастырған. Бейнероликтүсіру үшін жағалаудағы құрылыс алаңынангранит тақталардың ұрлығын және Баумтоғайында түн ішінде 16 ағашты кесудіұйымдастырған. Кейін оқиға орнына камераменкеліп, белгісіз құқық бұзушыларды іздепжүргендей кейіп танытқан.

«Бір ғана бейнеролик үшін жайқалғанағаштар жойылды», – деді прокурор. Оныңсөзінше, мемлекеттік сатып алу деректерібұрмаланып көрсетілген бейнероликтер (он жаяужүргіншілер өткелін жөндеу, «Атакентті» жаңғырту) жүздеген мың қаралым жинап, мыңдаған ашулы пікірге себеп болған. Алайдапрокурордың пікірінше, олардың негізінде «әдейітаратылған жалған ақпарат» жатқан. Мамытовқорғау тарапының Боқаев ізгі ниетпен қателестідеген уәжін қабылдамады. Оның айтуынша, Боқаев мемлекеттік құрылымдарда ұзақ жылдаржұмыс істеген және «мемлекеттік сатып алупорталының қалай жұмыс істейтінін жақсытүсінеді».

«Боқаевтың өзі ұзақ жылдар бойымемлекеттік қызметте жұмыс істеген, әкімдікқұрылымдарында да, квазимемлекеттік сектордада басшылық лауазымдарды атқарған. Сондай-ақ, ол ұзақ уақыт бойы «Нұр Отан» партиясыныңидеологтарының бірі болған. Ол мемлекеттіксатып алу порталының жұмыс істеу алгоритмінжақсы біледі. Мұндай тәжірибесі бар адаматалған мәселелердің қыр-сырын жетікмеңгерген», – деп атап өтті прокурор.

Мамытовтың сөзінше, сарапшылар мынадайқорытындыға келген: Боқаевтың бейнероликтерімемлекеттік институттарға деген сенімдітөмендетеді. Айыптау тарапының мәлімдеуінше, мұның салдарынан қаланың үш мекемесіне зиянкелтірілген.

«Мойындау керек, Боқаев ақпараттыкөпшілікке ұсынудың шебері. Оныңбейнежазбалары мыңдаған қаралым жинап, қоғамда өзі көздеген дүрбелеңді туғызды. Соныңсалдарынан азаматтардың бір бөлігі осы уақытқадейін оның қолдан құрастырған бейнероликтеріншындық деп қабылдайды», – деп мәлімдедіМамытов.

Прокурор қылмыстық схемада әрқатысушының рөлі нақты бөлінгенін алға тартты. Оның айтуынша, негізгі ұйымдастырушы – Боқаев, ал Қалменов пен оператор Нүсіпқожааңғал көмекшілер емес, өз әрекеттерінің мәнінтүсінген қатысушылар болған. Сонымен қатарМамытовтың сөзінше, Нүсіпқожа өз кінәсінмойындап, өкінген және сотқа істің мән-жайынанықтауға көмектескен.

Қорғау тарапының негізгі уәждерінің біріболған Хамракуловтың айғақтарын прокурор сенімсіз деп бағалады. Оның айтуынша, Хамракулов өз ұстанымын үш рет өзгерткен. Сонымен қатар Боқаев оның адвокатыныңақысын төлеп, одан «үндемеуді» сұраған.

«Плиталарды ұрлау және ағаштарды кесуоқиғалары кезінде Боқаевтың Хамракуловқабірнеше рет ақша аударғанын ескерсек, Хамракуловтың айғақтары әуел бастан-ақ күмәнтудырады. Басқаша айтқанда, Хамракулов та Боқаевтың өзі сияқты өтірікші әрі манипулятор деуге болады», – деді мемлекеттік айыптаушы.

Прокурор қорғау тарапы психологиялық-филологиялық сараптаманың қорытындыларынакүмән келтіруге тырысқанын да атап өтті. Алайдақорғау тарапының өзі шақырған саясаттанушысарапшы іс жүзінде мемлекеттік айыптаунұсқасын растаған.

Сөзінің соңында Мамытов сын айту мен сөзбостандығына тыйым салынбағанын, алайда«блогер мәртебесі мен қолдағы камера ешкімгеөзін заңнан жоғары қою құқығын бермейтінін» баса айтты.

Одан кейін айыптау тарапының екінші өкілі, прокурор Жаңыл Жұмабаева сөз алып, ісфигуранттарының кінәсін дәлелдейтін айғақтарғатолығырақ тоқталды.