Respublica өңірлік штабтардағы үгіт - насихат жұмыстарының қорытындысын шығарды
26 қарашада Respublica партиясының өңірлік филиалдарындамәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы алдындағы үгіт-насихатнауқанының аяқталуына арналған сайлау штабтарының қорытындыотырыстары өтті.
Отырыстар барысында өңірлік командалар атқарылғанжұмыстарды қорытындылап, сайлаушылармен өзара байланыс жәнеалдағы дауыс беру күніне ұйымдастырушылық дайындық мәселелерінталқылады.
Үгіт-насихат кезеңінде партия кандидаттары мен белсенділері еңбек ұжымдарымен, кәсіпкерлермен, жастармен және қоғам өкілдерімен кездесулер өткізді. Respublica партиясының сайлауалдыбағдарламасын түсіндіруге, өңірлердегі өзекті мәселелерді талқылауға және азаматтармен тікелей диалог орнатуға ерекше көңіл бөлінді.
Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына Respublica партиясы Қазақстанның барлық 20 өңірінде қатысуда. Партия атынанбарлығы 326 кандидат тіркелген. Оның 129-ы партиялық тізім бойынша, 197-сі бірмандаттық сайлау округтері бойынша ұсынылған.
Өңірлік штабтар сайлау науқанын ұйымдастыруда маңызды рөлатқаратынын атап өткен жөн. Олар кандидаттардың халықпен тікелейбайланысын қамтамасыз етіп, жергілікті жерлердегі жұмыстарды үйлестіреді.
Өңірлік отырыстардың қорытындысы бойынша негізгі назар дауысберу күніне ұйымдастырушылық дайындыққа және сайлаузаңнамасының талаптарын сақтауға аударылды.
Үгіт-насихат науқанының қорытынды кезеңі ретінде 27 қарашада«Өңірлермен тікелей диалог» атты жалпыпартиялық онлайн-кездесу өтеді. Оған партия төрағасы Айдарбек Қожаназаров, Орталық кеңесмүшелері және өңірлік филиалдардың басшылары қатысады.
Кездесу барысында Respublica партиясының ел көлемінде жүргізген үгіт-насихат науқанының жалпы қорытындысы шығарылады.