Азаматтардың құқықтарын қорғау – мемлекеттікқызмет сапасының басты көрсеткіші
Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, олардың қолжетімділігін қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті қызметінің басым бағыттарының бірі.
Осы мақсатта Департамент тарапынан мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік бақылау, оның ішінде жоспардан тыс тексерулер, профилактикалық бақылау және қашықтықтан мониторинг жүргізіліп, анықталған заң бұзушылықтарды жою және азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бағытында жүйелі шаралар қабылдануда. Сонымен қатар азаматтардың өтініштерін жан-жақты әрі объективті қарауға, көтерілген мәселелердің нақты шешімін табуына ерекше мән беріледі.
Ағымдағы жылдың 11 айында Департаментке мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша 200-ден астам өтініш келіп түсіп, қабылданған шаралардың нәтижесінде 209 азаматтың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.
Аталған бағыттағы жұмыстардың нақты мысалы ретінде азамат
А.-ның өтінішін атап өтуге болады. «Жүргізуші куәліктерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметіне қатысты өтінішті қарау барысында азаматтың бұрын тапсырған теориялық емтиханының нәтижесі тиісті ақпараттық жүйеде көрсетілмегені анықталып, бұл жағдай оның мемлекеттік қызметті алуына ағымдағы жылдың шілде айынан бері кедергі келтірген.
Мәселені жан-жақты зерделеу мақсатында Департамент Атырау облысының Полиция департаменті мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының облыстық филиалынан қажетті мәліметтерді сұратып, тиісті жұмыстар жүргізді. Нәтижесінде Департаменттің ұсынысы негізінде азаматтың теориялық емтиханнан өткенін растайтын мәліметтер ақпараттық жүйеге енгізіліп, оның жүргізуші куәлігін алу үшін қайта жүгінуіне мүмкіндік жасалып 2026 жылдың шілде айынан бері ала-алмай жүрген жүргізуші куәлігін алу мүмкіндігі туындап құқығы қалпына келтірілді.Бұл бір мысал ретінде келтіріліп отырған мәселе.
Өз кезегінде, мемлекеттік қызмет көрсету барысында туындайтын мәселелерді дер кезінде анықтап, азаматтардың құқықтарын қалпына келтіруге бағытталған шаралардың маңыздылығын көрсетеді. Осы ретте Департамент қызметіндегі басты басымдық заң бұзушылықтарды анықтаумен ғана шектелмей, олардың салдарын жоюға және азаматтардың құқықтарының іс жүзінде қалпына келтірілуіне қол жеткізу болып табылады.
Алдағы уақытта да мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғастырылатын болады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы Ш.А. Қайненова