Басты жаңалықтар

Әлішер Кәрімов: Басқа әртістер мен секілді миллиондап гонорар алмайды

Әнші туындыларының әлеуметтік желіде көп көрілім жинамауына көзқарасы қандай екенін айтты.

Әлішер Кәрімов туындыларының көптеген көрілім жинамауы көңіліне қаншалықты қаяу түсіретіні туралы сөз қозғады. Әншінің айтуынша, бүгінде ол еліміздің сұранысқа жұлдыздарының бірі, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі «Ойбайlife» бағдарламасына сілтеме жасап. Әнші журналистің «Бейнебаяндарыңа өте көп ақша, еңбек, эмоция салынған. Қазір бәріміз де цифр мен трафикке қарайтынымыз жасырын емес. Яғни сенің туындыларың миллион көрілім жинамайды. Әртіс ретінде осыған ренжисің бе?» деген сауалына келесідегідей жауап берді: «Көңіліме аламын деп айта алмаймын. Тек кейде бұл туралы ойланатыным рас. «Миллиондаған көрілім жинау үшін не істеу керек?» дегендей. Мысалы, мен көп ақша жұмсамасам да, миллиондаған көрілімге ие болған клиптер бар. Екінші жағынан, Youtube желісінде миллиондаған көрілім жинайтын әртістер мен секілді миллиондап алатын гонорарға ие болғылары келетін еді. Бірақ, оларда бұл жоқ. Түсінесің бе? Әркімнің уайымы әртүрлі. Мен бұрынғыша гәстрөлдік сапарларға шығамын. Бұрынғыша еліміздің сұранысқа ие әртістерінің бірімін. Менің концерттеріме келеді, мені жақсы көреді. Әрине, Youtube желісінде көрілім жинаған да жақсы. Бірақ, барлығы бірден бола бермейді ғой», - дейді Әлішер Кәрімов. Автор: Kyn.kz