Басты жаңалықтар
Ұлықпан Жолдасов Денис Тенге көзі тірісінде ұсыныс айтпағаны үшін өкінді (видео)
- автор kyn.kz
- 20 шілде, 2018
- 317
«Осы композицияны бірінші рет естігенде көзіме жас үйірілген».
Әнші әрі сазгер Ұлықпан Жолдасов шетелде жүріп қаралы хабарды асқан қайғымен қабыл алғанын айтады. Сондай-ақ, ол Денис Тенге көзі тірісінде ұсынысын айтып үлмергені үшін ашынды, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі.
«Осы композицияны бірінші рет естігенде көзіме жас үйірілген. Денис Тен інімді көрсем, осы әуенге мұз айдынында композиция жасасаң қалай болады деп ұсыныс айтқым келген. Енді міне Аланияда жүріп қайғылы оқиғаны естідім. Көңілді отырғанбыз. Бәріміз тұнжырап кеттік. Қазақстанымыздың туын желбіретіп, мәртебесін көтеріп жүрген бауырымыз, жап-жас чемпионымызды жоғалтып алғанымызға ішіміз өртеніп кетті...» - дейді Ұлықпан Жолдасов.
Естеріңізге сала кетсек, 19 шілде күні Алматы екі азамат Денис Тенді пышақпен жарақаттаған болатын. Қайғылы оқиға Құрманғазы мен Бәйсейітова көшелерінің қиылысында болған. Спортшы жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізіліп, сол жерде көз жұмды. Күдіктілердің біреуі ұсталып, кінәсін толықтай мойындады. Екіншісі әзірге іздестіріліп жатыр. Автор: Kyn.kz