Басты жаңалықтар

Санжар Мәдиев Денис Теннің өліміне байланысты халықтан шұғыл көмек сұрады

Полиция күдіктілерді тану үшін қайғылы оқиғаның куәгерін іздестіріп жатыр.

Санжар Мәдиев әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы Денис Тенмен болған оқиғаны көрген куәгер іздестіріліп жатқанын айтып, халықтан шұғыл көмек сұрады, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі. «Шұғыл! Денис Тенге шабуыл жасалып жатқан сәтте спорт алаңында шұғылданған ер азаматты бірге іздестіруді сұраймыз. Оқиға 19 шілде күні болды. Шамамен 14:40 пен 15:00 кезінде. Азаматтың сырт келбеті еуропалыққа ұқсайды. Шашы қысқа алынған. Шабуыл жасағандарды тану үшін көмегіңіз қажет. Өтініш, көмектесіңізші. Қайрат: +7 702 945 55 99, Санжар: +7 701 999 47 01», - делінген актер таратқан хабарламада.  width= Естеріңізге сала кетсек, 19 шілде күні Алматы екі азамат Денис Тенді пышақпен жарақаттаған болатын. Қайғылы оқиға Құрманғазы мен Бәйсейітова көшелерінің қиылысында болған. Спортшы жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізіліп, сол жерде көз жұмды. Күдіктілердің біреуі ұсталып, кінәсін толықтай мойындады. Екіншісі әзірге іздестіріліп жатыр. Автор: Kyn.kz