Басты жаңалықтар
Денис Теннің өліміне қатысы бар екінші күдікті де ұсталды
- автор kyn.kz
- 20 шілде, 2018
- 290
Бірінші күдікті өз кінәсін толықтай мойындап, оқиғаның қалай болғанын айтып берген еді.
Қазақстандық радиолардың бірінің иесі Санжар Мұстафин Денис Теннің өліміне қатысы бар күдіктінің ұсталғанын жеткізді, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі.
Бірнеше сағат бұрын Санжар Мәдиев әлеуметтік желідегі парақшасында Денис Теннің өліміне қатысы бар күдіктілерді тану үшін куәгер іздестіріліп жатқанын хабарлаған болатын. Осыдан кейін жұрт екінші күдікті де ұсталған болар деп топшылады. Себебі, бірінші күдікті осы уақытқа дейін өз кінәсін толықтай мойындап, оқиғаның қалай болғанын айтып берген-ді.
Енді міне бұл ақпаратты Love Radio Kazakhstan басшысы Санжар Мұстафин әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы хабарлады. Естеріңізге сала кетсек, 19 шілде күні Алматы екі азамат Денис Тенді пышақпен жарақаттаған болатын. Қайғылы оқиға Құрманғазы мен Бәйсейітова көшелерінің қиылысында болған. Спортшы жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізіліп, сол жерде көз жұмды. Күдіктілердің біреуі ұсталып, кінәсін толықтай мойындады. Екіншісі әзірге іздестіріліп жатыр.
Автор: Kyn.kz