Басты жаңалықтар

Қоразбаев: Назарбаевтың өзі министрлікке шақырды, бармадым

Алтынбек Қоразбаев сұхбатында өнері мен шығармашығылы, отбасы, өмірлік ұстанымдары жайлы айтып өтті.

Сазгер Аман Тасығанмен “Talk like” бағдарламасында қонақ болды. Алтынбек Қоразбаев өнері үшін лауазымды қызметтен де бас тартқанын айтты. “1989 жылы Алматыда Махтай Рамазанұлы деген лауазымды ақсақалдың үйінде елбасымен бірге қонақта болдым. Елбасымыз мені арнайы Тараздан шақырып, барлық әндерімді тыңдады. Өзі арасында қосылып айтты. Сосын “Алтеке, қазір қандай қызметтесің? деп сұрады. Мен Жамбыл облыстық филормонияны басқарып жүргенімді айттым. Соның директоры әрі көркемдік жетекшісі болдым. Елбасы сонда “Он жылдай басшылықта жүріпсің. Енді Мәдениет министрлігінің орынбасары қызметіне келетін уақытың болыпты” деді. Бірақ мен көп ойланған жоқпын, Нұрсұлтан Әбішұлы, мен қазір шығармашылық шарықтау шыңында жүрмін. Рұқсат болса, 5-6 жылдай шығармашылықпен айналыссам дедім. Оған қарсылық білдірген жоқ. “Өзің біл, бауырым” деді. Ол кездегі шешімім үшін өкінбеймін де. Өйткені, сүйікті Шәкірттерім Мейрамбек, Тоқтар Серіктің жаңа қанат қағып келе жатқан кезі. Оларды елге таныту, өнерін шыңдауым керек болды”, – дейді сазгер. Қоразбаев үш қазақтың жігіт деген таңдауға елбасы Назарбаев пен Нұрғиса Тілендиевті, Мұқағали Мақатаевты атап өтті.