Басты жаңалықтар

Алматыда Дениспен қоштасуға жиналған халықтың қарасы көп (видео)

Тұрғындар таңғы 7-ден бастап стадионға қарай ағылған

Бүгін Денисті соңғы сапарға шығарып салуға жиналғандардың қарасы өте көп. Халық таңғы сағат 7-00-ден бастап Балуан Шолақ атындағы стадионға қарай ағылып жатыр. Жүздеген адам Қазақстанның мақтанышы Денис Теннің рухын ұлықтауға гүл шоқтарын ала келген.  width= Олимпиада жүлдегері Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салу рəсімі бүгін сағат 10.00-де басталады. Оның денесі Дружба ауылындағы зиратқа жерленбек.  width=  width= Айта кетсек, Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 19 шілде күні пышақ жарақатынан қаза болған еді.