Басты жаңалықтар
Денистің өліміне күдікті: Мен ол адамға пышақ сұққан жоқпын
- автор kyn.kz
- 21 шілде, 2018
- 334
Сұғанақ жолдасы спортшыны пышақтап жатқан кезде жай ғана қарап тұрғанын айтты
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді өлтірді деген күдікті 24 жастағы Нұрәлі Қиясов қамауға алынды, деп хабарлайды Sputnik тілшісі сот залынан.
Сот Денис Теннің өліміне күдікті Нұрәлі Қиясовты қамауға алуға санкция берді
Бүгін кешке Алмалы аудандық сотында күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасын таңдау туралы отырыс өтті.
Бұған дейін жасырынып жүрген екінші күдікті Арман Құдайбергеновті сырттай қамауға алуға санкция берілген еді. Шамамен бір сағаттан кейін полиция оны ұстады.
Кейін сотқа Нұрәлі Қиясов жеткізілді. Ішкі істер министрлігі күдіктінің ұсталғанын бүгін таңертең хабарлаған болатын. Отырыс басталғанға дейін оны залға қолындағы кісенмен алып кірді.
Күдікті жұмыссыз, балалары жоқ, бұған дейін істі болған. 2015 жылы автокөлік айдап әкеткені үшін сотталған. Судья Алма Әбдіхалықова Қиясовқа сөз берді.
"Мен ол адамға пышақ сұққан жоқпын. Жай ғана қарап тұрдым", — деді Қиясов басын төмен салбыратып.