Қостанай облысында 18 жастағы қыз жоғалып кетті
Мәскеудегі оқуынан келген қыз кешкісін далаға жүгіріп қайту үшін шыққаннан оралмаған
Қостанай облысының Затобол кентінде 18 жастағы Дарья Махартова үйден шығып кетіп, қайтып оралмаған, деп хабарлайды аlau.kz. сайты. Дарья Махартованың анасы қыздың жақында спортпен белсенді айналыса бастағандығын айтады. 20 шілде күні сағат 22-00-дер шамасында Затобол кентінен Қостанайға қарай жүгіруге шыққан қыз содан қайтып оралмаған. «Ол маған су жылытып қой, көп ұзамай келем деген болатын. Мен алдында мүмкін жол бойы біреуді кезіктіріп қалған шығар деп аса қобалжи қойған жоқпын. Өйткені ол Мәскеуде оқитын, мұнда жақында ғана келген. Алайда түнгі 03-00-дер шамасында үрейлене бастадым. Барып арыз жаздым. Иісшіл ит тек бағдаршамға дейін ғана иіс алды. Дашаның телефоны өшкен жоқ болатын. Телефон арқылы оның «West» клубына қарай кеткенін білдік. Полиция қонақүйді тексергенімен ол жерден таба алмады. Жертөлелерді де тексеру қажет па еді?»,-дейді қыздың анасы Ольга Покатаева. Оның жағдайы қазір нашар. Қостанайлықтардан еріктілер тобына қосылып, қызын іздеуге қолғабыс етуді сұрап отыр. Еріктілер орманды алқапты тексеріп жатыр. Дашаны іздестіруге адамдар жетпейді. Жоғалған қыздың басты белгілері: бойы 1,65 см, орташа бойлы, шашы иығынан төмен түсіп тұрады. Дарья туралы қандай да бір ақпарат білетін адамдар мына телефонға хабарласа алады. 8-705-328-86-65 немесе 102